×

Жаңа индустрия вице-министрі тағайындалды

Ол түрлі мемлекеттік қызметтерді атқарған

 Дәурен Ерболат 06.02.2023 | 13:43
Фото: primeminister.kz

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі лауазымына Азамат Бейісбеков тағайындалды, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Азамат Бейісбеков 1985 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.

Ебіней Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған. Ол – президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2006 жылы Кедендік бақылау комитеті кедендік рәсімдеу маманының міндетін атқарушы болып бастады.

2009-2011 жылдары – Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Индустриялық саясат және Стратегиялық жоспарлау департаменттерінің сарапшысы, бас сарапшысы;

2011-2012 жылдары – Премьер-министрі кеңсесі Индустриялық-инновациялық даму бөлімінің бас сарапшысы;

2012-2015 жылдары Президент әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2015-2020 жылдары – Қауіпсіздік кеңесі Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің консультанты, инспекторы, сектор меңгерушісі;

2020-2022 жылдары Қауіпсіздік кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.

2022 жылғы маусымнан бастап осы уақытқа дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аппаратының басшысы қызметін атқарған.

Бұған дейін осы қызметте болған Ержан Мырзабаев берген өтінішіне сәйкес қызметінен босатылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама