×

Алматыда Digital Almaty V халықаралық форумы басталды

Басқосуда қоғамның барлық саласын цифрландыру мәселесі көтеріледі

 Дастан Жұмабекұлы 02.02.2023 | 12:23
фото: ашық дереккөз

Алматыда V халықаралық «Digital Almaty 2023: жаңа болмыстағы цифрлық әріптестік» цифрлық форумы басталды.

Жиынға қатысушылар алдағы екі күнде мемлекеттік басқарудың цифрлық трансформациясы, роботтандыру, киберқауіпсіздік, Қарулы күштерді цифрландыру, білім беру жүйелері, қалалық мобилділік, «ақылды қала» тұжырымдамалары мен басқа да цифрлық қызметке қатысты мәселелер бойынша пікір алмасады.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің айтуынша, форумда цифрлық нарықтағы қазіргі жағдай туралы айтылып, алдағы уақытқа жоспарланған жұмыстар талқыланады.

Бірақ жиында біз бәрінен бұрын әлемдік деңгейдегі өзгерістерге себепкер болып отырған қазақстандықтар туралы әңгіме қозғаймыз. Сонымен бірге ІТ нарығын оң бағытта дамытуға үлестерін қосып келе жатқан отандастарымыз туралы айтатын боламыз, –  деді ол.

Оның айтуынша, «Digital Almaty» – қазірдің өзінде бизнес өкілдерінің, халықаралық сарапшылар мен IT саласы мамандарының басын қосатын бірегей таптырмас алаңға айналды.

Алматы – еліміздің IT индустрияның астанасы. Еліміздегі IT компаниялардың басым бөлігі осында орналасқан. Қуантарлығы, ақпараттық технологиялар саласының дамуына қолайлы инфрақұрылым қалыптасқан.

Сондықтан біз қаланың әлеуетін үздік IT мамандарды жинайтын өңірлік хаб құруға мүдделіміз.

Жалпы айтқанда, бүгінде біздің елімізде 10 мыңнан астам IT - компаниялар және осы салада жұмыс істейтін 150 мың маман бар. Мыңдаған компания Astana Hub экожүйесіне кіреді, –  деді ол.

Форум аясында халықаралық технопарктер көрмесі, ірі IT-компаниялар, бағдарламалау мектептері, панельдік сессиялар және саланың көшбасшылары мен жетекші сарапшыларының қатысуымен дөңгелек үстелдер боалды. Жастарды технологиялық кәсіпкерлікке тарту үшін алғаш рет Digital Ministry Cup робототехника чемпионаты ұйымдастырылады.

Сондай-ақ, Digital Almaty Awards сыйлығы тапсырылады. Жүлде үздік IT шешімдерді анықтауға және оларды одан әрі дамытуға арналған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама