×

Прокурор журналист Махамбет Әбжанды 11 жылға соттауды сұрады

Махамбет Әбжанның 50 миллион теңге алып жатқан сәтінде ұсталғаны белгілі болды

 Халық үні 02.02.2023 | 07:50
Фото: Halyq Uni

Астананың мамандандырылған ауданаралық сотында журналист Махамбет Әбжанның ісіне қатысты сот отырысы жабық режимде өтті, деп хабарлады ABZHAN NEWS телеграм каналы. 

Прокурор журналисті аса ірі мөлшерде ақша бопсалағаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Үкім 3 ақпанда шығарылады.

Еске сала кетейік, өткен жылдың 3 шілдесінде Махамбет Әбжанның 50 миллион теңге алып жатқан сәтінде ұсталғаны белгілі болды. Кәсіпкер Рашит Махат ақша бопсалау дерегімен полицияға шағымданған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама