×

«Жағдайы өте ауыр»: Экс-президент жансақтау бөліміне жатқызылды

Жағдайы күн санап нашарлап жатыр 

 Халық үні 31.01.2023 | 21:54
фото: ашық дереккөзден

Грузияның бұрынғы Президенті Михаил Саакашвили палатадан жан сақтау бөліміне ауыстырылды. Оның жағдайы күрт нашарлағаны туралы «Бірыңғай ұлттық қозғалысы» оппозициялық партиясының мүшесі Георгий Чиладзе мәлімдеді, деп хабарлайды ЭК

«Қазір ғана оның жеке дәрігерімен сөйлестім... Жағдайы өте ауыр, оны аман қалу үшін жан сақтау бөліміне шұғыл ауыстыру қажет болған», деді ол.

Риа Новости сайтының жазуынша, экс-президенттің туыстары оның жағдайы күн санап күрт нашарлап жатқанын айтып дабыл қаққан.

Еске сала кетейік, Михаил Саакашвили 2021 жылдың 1 қазанында Грузияда ұсталды. Оған бірнеше қылмыстық іс бойынша айып тағылған. Саясаткерге банкир Сандро Гиргвлианиді өлтіру ісі бойынша сырттай үкім шығарылып, ұсталған соң ол қамауға алынды. Түрмеде Грузияның бұрынғы басшысы аштық жариялаған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама