×

Сенат депутаты қайтыс болды

Ол түрлі мемлекеттік қызметте еңбек еткен

 Дәурен Ерболат 27.01.2023 | 09:54
Фото: Halyq Uni

Жақында Солтүстік Қазақстан облысынан (СҚО) сайланған 45 жастағы Сенат депутаты Гүлмира Кәрімова қайтыс болды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ақпаратты Сенаттың баспасөз қызметі растады.

Сенатор Гүлмира Кәрімова 45 жасында кенеттен қайтыс болғанын қатты қайғырып хабарлаймыз. Оған алдын ала «анафилаксиялық шок» деген диагноз қойылды.

Сенат депутаттары мен аппараты Гүлмира Кәрімованың туыстары мен жақындарына көңіл айтады, – деп жазылған хабарламада.

13 қаңтарда Гүлмира Кәрімова СҚО-дан Сенат депутаты болып сайланған. Оған 144 адам дауыс берген.

Айта кетейік, Гүлмира Кәрімова 1998 жылы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2008 жылы Көкшетау университетінде қаржы бакалаврының дипломын алды.

Еңбек жолын 1998 жылы Петропавл қалалық классикалық гимназиясында бастауыш сынып мұғалімі болып бастады. Түрлі жылдары қала мектептерінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеді.

2010-2013 жылдары – №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің директоры;

2013-2017 жылдары – қалалық білім бөлімінің басшысы;

2021 жылдың қыркүйегінен бастап Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама