×

Таразда үш адам көлік жуу орталығынан жарты миллион теңге ұрлап кеткен

Олардың бірі осы көлік жуу орталығында жұмыс істейді екен

 Динара Амантай 23.01.2023 | 14:27
Фото: polisia.kz

Таразда көлік жуу орталығынан ақша ұрлағандар ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Тараз қаласы ПБ бірінші полиция бөліміне облыс орталығының тұрғыны өзінің көлік жуу орталығына белгісіз біреулердің заңсыз кіріп, сейфті бұзып, 500 мың теңге көлеміндегі ақшасын ұрлап кеткендігі туралы шағымданған. Осы дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігі («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде полиция қызметкерлері Жамбыл ауданы мен Тараз қаласының тұрғындарын анықтап, ұстады. Екеуі де 2004 жылы туған. Олардың бірі осы көлік жуу орталығында жұмыс істейді екен.

Күдіктілер өз кінәларын толық мойындады. Олар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазір осы қылмысты жасаған үшінші серіктес іздестіріліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама