×

Коронавирусты бір күнде бір ғана адам жұқтырған

5 пациенттің жағдайы өте ауыр

 Ербол Тұрымбет 22.01.2023 | 14:00
фото: ашық дереккөз

Денсаулық сақтау министрлігінің 22 қаңтардағы мәліметі бойынша, елде 1 836 адам коронавирус инфекциясынан (1 698+ және 138 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 139 пациент стационарда, 1 697 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Ал КВИ+ және КВИ- шалдыққандардың арасында:

•    8 адамның жағдайы ауыр;
•    5 пациенттің жағдайы өте ауыр;
•    3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Айта кетейік, 20 қаңтарда ем қабылдап жатқандар саны 1 793 адам болған еді. Арасында 10 адам ауыр жағдайда болған.  Ал өте ауыр жағдайдағылар мен ӨЖЖ аппаратында жатқандар саны өзгеріссіз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама