×

Мәжіліс пен жергілікті мәслихаттар сайлауына қанша қаржы бөлінетіні хабарланды

Кезектен тыс сайлау 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында өтеді

 Дәурен Ерболат 19.01.2023 | 11:31
Фото: Halyq Uni

Биыл Қазақстанда Мәжіліс пен жергілікті мәслихат сайлауын өткізуге 33,4 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлады Қаржы министрлігі.

«Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2022 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында Мемлекет басшысы Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттың кезектен тыс сайлауын 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында өткізуді тапсырды.

2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасын Парламентте қарау барысында Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауын өткізуге 2023 жылға 33,4 млрд теңге сомасында шығыс қарастырылды», - делінген хабарламада.

Бұл қаржы саяси партиялардан партиялық тізімдер бойынша және бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша жаңа аралас сайлау жүйесін енгізуді ескеріп есептелді.

Айта кетейік, былтыр Қазақстанда өткен кезектен тыс президент сайлауына 20,5 млрд теңге бөлінген еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама