×

Универсиада: Қазақстанның қоржыны бір алтын, бір қола медальмен толықты

Отандық құрама медальдар кестесінде 3-орынға тұрақтады

 Динара Амантай 19.01.2023 | 09:36
Фото: sports.kz

Қазақстандық биатлоншы Бекентай Тұрлыбеков АҚШ-та өтіп жатқан Қысқы универсиадада 10 шақырымға спринт жарысында чемпион атанды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жарыс барысында ол екі атыс сызығында бірде-бір оқты бос жіберген жоқ. Нәтиже көрсеткен уақыты – 27:51,5. Осылайша қазақстандық биатлоншы ел құрамасына үшінші алтынды салды.

Аталған жарыста 2-орын Бьорн Уэстервелтке бұйырса, үздік үштікті қазақстандық тағы бір биатлоншы Александр Мухин еншіледі. Нәтижесінде Универсиадада отандық құрама 1 алтын, 1 қола медаль алды.

Еске сала кетсек, бұған дейін биатлоншы Вадим Куралес пен шаңғымен секіру спортынан Данил Васильев чемпион атанған болатын.

Осылайша, медальдар кестесінде қазақстандық спортшылар 3 алтын, 1 қола жүлдемен 3-орынға көтерілді. Алда Жапония және Финляндия құрамалары келеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама