×

Шымкентте 3 адам өз пәтерінен өлі табылды

 Халық үні 17.01.2023 | 06:26
Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Шымкентте үш адамның мәйіті табылды. Алдын ала болжам бойынша, үшеуі де көмірқышқыл газынан уланып қайтыс болуы мүмкін, – деп хабарлайды Оtyrar.kz

Шымкентте 13 қаңтарда Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Спорт» шағынауданындағы пәтерлердің бірінен екі адамның – 55 жастағы әйел мен 20 жастағы жігіттің мәйітін тапты.

Шақыру орнына келген «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ШПФ жедел бригадасы тексеру барысында бірқатар заң бұзушылықты анықтады. Лоджияға ағынды су жылытқышы мен 4 көзді газ плитасы орнатылған.

Лездік су жылытқыштың үстіндегі жалғастырғыш құбыр (гофр) лоджия қабырғасы арқылы көшеге шығарылады, бөлменің сыртында қаңылтыр құбырдан түтін тартқышы жасалып, 1 метр биіктікке көтеріледі. Лездік су жылытқышының мұржасында ағын жоқ. Оқиғаның себептері анықталып жатыр. ҚР ІІМ бұл фактіні тексеретін болады, – делінген хабарламада.

Тағы бір қайғылы оқиға 15 қаңтарда «Самал-3» шағынауданында болған. Болжам бойынша, 1991 жылғы келіншек көмірқышқыл газынан уланып қайтыс болған.

Қоңырау шалған жерге 01:26-да жеткен жедел топ тексеру барысында монтаждау талаптарының бұзылғанын анықтады: жуынатын бөлмеде «Лидер» маркалы су жылытқышы және «Боринский» маркалы жылу қазандығы орнатылған. Байланыстырушы құбыр (гофр) төбе арқылы көшеге шығарылған және 5 см саңылаумен лездік су жылытқышқа қосылмаған, – деп хабарлады «ҚазТрансГаз Аймақ» өкілдері.

Апаттардың себептері анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама