×

Жиһаз бен құрылыс материалдарын полигонға иесінің өзі апарып тастауы міндеттеледі

Оларды қоқыс таситын көлікке тиеу мүмкін емес

 Дәурен Ерболат 16.01.2023 | 14:45
Фото: omr.gov.ua

Елімізде тұрғындар үлкен көлемдегі қоқысты өз бетінше полигонға шығаруға міндеттелуі мүмкін. Құжат «Ашық» НҚА порталында жарияланды.

Бүгінде заңды және жеке тұлғалар контейнерлер мен контейнерлік алаңдардың маңына үлкен көлемдегі қоқысты (жиһаз, сантехника, құрылыс материалдары) жиі тастайды. Оларды қоқыс таситын көлікке тиеу мүмкін емес. Мысалы, шкаф немесе диванды. Осыған байланысты мұндай қалдықтардың иелері оларды қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына өздері шығаруы керек. Тиісті норма ережеге қосылады, - деп жазылған заңға енгізілетін түзетуде.

Айта кетейік, бұған дейін Экология министрі қоқысты сұрыптап тастауға кеңес берген еді. Ал Ақтауда кетіп бара жатқан 39 жастағы ер адамның үстіне 6-қабаттан диван құлады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама