×

Журналистің көлігін өртегендер ұсталды

Оларға «тапсырыс» интернет арқылы белгісіз адамнан түскен

 Халық үні 15.01.2023 | 19:47
Фото: polisia.kz

Журналист Динара Егеубаеваның көлігін өтеп, «El Media» редакциясының кіреберіс есігіндегі әйнекті сындырды деген күдікке ілінген бес адам ұсталды. 

Жедел бөлімше қызметкерлері бірнеше қылмысқа күдікті ретінде 2005, 2006 және 2007 жылы туған бес кәмелетке толмаған адамды қолға түсірген.

Күдіктілердің берген жауабына сәйкес, екі «тапсырыс» та оларға интернет арқылы белгісіз адамнан түскен. Сондай-ақ тапсырыс беруші «жұмыс» үшін оларға интернет арқылы ақысын төлеген. 

Қазір күдіктілерге қатысты бұлтартпау шараларын таңдау туралы мәселе шешіліп жатыр. Тергеу жалғасып жатыр. 

Сонымен қатар тапсырыс берушінің кім екенін анықтау және оны қолға түсіруге бағытталған шұғыл іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр.

Барлық факті бойынша белгілі болған ақпарат тергеу толық аяқталған соң жария етілетіні айтылды. 

Тергеу барысын ІІМ мен Алматы қаласы ПД басшылығы бақылауға алды.  

Серіктес жаңалықтары

Сараптама