×

Алматыда «барахолка» маңындағы қойма өртеніп жатыр (ВИДЕО)

Көрші қоймалардағы тауарлар сыртқа шығарыла бастады

 Еркеғали Болатұлы 15.01.2023 | 12:06
фото: Алматы қаласы ТЖД

Алматыда барахолка маңындағы қоймадан өрт шықты, деп хабарлады қаланың төтенше жағдайлар департаменті.

Ведомство мәліметінше, оқиға орнында өртті сөндіру бойынша жедел штаб құрылған. Өрт сөндірушілер екі учаске құрып, магистральды желілер тартылды.

Қазір көрші қоймаларды қорғау және өртті сөндіру үшін арнайы оқпандар пайдаланылып жатыр. Көрші қоймалардағы тауарлар сыртқа шығарыла бастады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама