×

Әзербайжан президенті Қарабақтағы армяндарға талапты төтесінен қойды

Өздерін «эко-белсенділер» деп атаған бір топ адам Армениямен арадағы жалғыз дәлізді жауып тастаған

 Еркеғали Болатұлы 12.01.2023 | 14:48
фото: president.az

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Таулы Қарабақтағы армяндарға не Әзербайжан азаматтығын қабылдау, не аймақтан кету туралы талап қойды.

Сондай-ақ ол Қарабақтағы армяндарды Армениямен байланыстыратын жалғыз жолдың жабылғанын жоққа шығарды.

Айта кетсек, бұл дәлізге өткен айдан бері өздерін «эко-белсенділер» деп атаған бір топ адам тосқауыл қойып отыр. Олар Қарабақтағы армяндар бақылауындағы алтын және минералдық кеніштерге әзербайжандық мамандардың мониторинг жүргізуін талап етуде.

Алайда армяндар Баку бұл акцияны Қарабақтағы армяндарды Әзербайжанның егемендігін мойындауға немесе оларды Арменияға көшуге мәжбүрлеу үшін әдейі ұйымдастырып отыр деп санайды. Ал Әлиев Үкіметі бұл мәліметті растамады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама