×

Түркістанда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 2 адам өз-өзіне қол салды

 Халық үні 11.01.2023 | 07:42
Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Түркістан қаласындағы 1-арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында екі науқас бірінен соң бірі өз-өзіне қол жұмсап, асылып қайтыс болды. Бұл туралы Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы хабарлады, деп жазды Orda.kz.

Басқарма мәліметінше, екі науқасқа да «шизофрения» диагнозы қойылған. Екеуінің де екінші топтағы мүгедектігі бар. Бірі – 60 жаста, екіншісі – 46 жаста. Екеуі де асылып қайтыс болған. 

Екі адам да диагнозына сәйкес суицидке бейім. 60 жастағы азаматтың артынан 16 жылдан бері туыстары іздеп келмеген. Ал 46 жастағы азамат туыстарымен көрісіп тұрған, – делінген хабарламада. 

Қайғылы оқиға туралы туған-туыстары мен құқық қорғау органдарына хабар берілген. 

Полиция бұл туралы әзірге ақпарат бермеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама