×

Әскерлері қатты шығынға ұшырады: Ресей мен Украина шайқасты үдетіп жатыр

Соледар мен Бахмутта сау ғимарат қалмаған

 Еркеғали Болатұлы 10.01.2023 | 16:25
фото: babel.ua

Қазір Украинаның шығысындағы Соледар қаласы үшін жойқын шайқас жүріп жатыр. Бұл туралы ел президенті Владимир Зеленский мәлімдеді.

Оның айтуынша, Соледарды алу үшін ресейліктер үлкен шабуылға кіріскен. Ал Украина өз жауынгерлеріне көмекке қосымша күш аттандырып жатыр.

Айта кетсек, Соледар Донецк облысында орналасқан. Онымен қоса, Ресейдің «Вагнер» жасақтары сол маңдағы Бахмут қаласын да алуға әрекет жасап жатыр. Мақсаттары – алдымен осы екеуін бағындырып, әрі қарай Краматорск және Славянск қалаларын жаулау.

Рейтер агенттігінің мәліметінше, соңғы күндері екі жақтың да әскері қатты шығынға ұшыраған және Соледар мен Бахмутта сау ғимарат қалмаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама