×

Ресейде ұшақ апатқа ұшырады: қаза тапқандар бар

Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады

 Халық үні 10.01.2023 | 00:58
фото: ашық дереккөзден

Ресей Федерациясының Ненец автономиялық округінде Ан-2 ұшағы мұздану салдарынан апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты.

Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігі хабарлады. 

«Мұздану салдарынан Қаратайка кентінен 10 шақырым жерде Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 12 адам болған, оның екеуі экипаж мүшесі және 10 жолаушы. Екі адам қайтыс болды», - деп жазды агенттік.

Төтенше жағдай орнына құтқарушылар келді. Дереккөздерге сенсек, төрт адам жарақат алған, ал қаза тапқан екі адамның бірі – ұшқыш.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама