×

Екібастұздағы ауруханаға жылу беру тоқталды

Қалада бірқатар нысан жылудан ажыратылды

 Дәурен Ерболат 09.01.2023 | 17:48
Фото: ТАСС

Екібастұздағы қалалық ауруханаға уақытша жылу беру тоқтатылды, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

9 қаңтарда «Екібастұзтеплоэнерго» компаниясының мамандары жылу желісін сөндіру үшін НО 18А-ны жылудан ажыратады.

Сондықтан кешкі сағат 17:00-ге дейін 5 емдеу мекемесінде және 5 ұйымда жылу болмайды, - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, 7 қаңтарда Екібастұздағы ЖЭО-да 3 қазандық істен шыққан еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама