×

«Бизнесмен әйелдің қолына кіріп алған»: Омар Жәлел отбасын тастап кетті дегендерге жауап берді

Омар Жәлел қазір Түркияда жүр

 Халық үні 07.01.2023 | 20:15
фото: ашық дереккөзден

Қазақтың бас биі Омар Жәлел отбасына қатысты айтылған әңгімені жоққа шығарды. Ол қазір жанұясымен Түркияның Кайсери қаласында жүр, деп хабарлайды exk.kz.

Абайтанушы, белгілі ғалым Омар Жәлел екі баласы мен әйелін тастап, кәсіпкер келіншектің қолына кіріп алды деген ақпарат қоғамда қызу талқыланды. Бұл мәліметті бизнес-тренер Ахметбек Нұрсила әлеуметтік желіде жариялаған болатын.

Ғаламторда шу туғызған әңгіменің анық-қанығын білу үшін Экспресс К тілшісі Омар Жәлелге хабарласты. Түркияда демалып жүрген би өзі және отбасы туралы айтылған әңгіменің жала екенін жеткізді. Алайда өзіне қара күйе жаққандарды сотқа бергелі отырған жоқ.

«Бұл - өтірік ақпарат. Мен сол екі баламмен қазір Түркияның Кайсери қаласындамын. Біреуі үште, екіншісі екі жаста. Омар екі баласын тастап кетті деген жалған нәрсе. Салима деген келіншектің хатын тексермей жариялап жіберген. Мен ешкімді сотқа бермеймін. Алла өзі жөнге салсын. Адам ар алдында өзі жауап береді ғой. Мен онымен айқайласып жататын адам емеспін», - деді Омар Жәлел.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама