×

БҚО-да әйелден бір келіден аса синтетикалық есірткі тәркіленді

Күдікті есірткіні сатуға дайындаған

 Дәурен Ерболат 06.01.2023 | 17:17
Фото: AFP

Батыс Қазақстан облысында полиция әйелден аса ірі мөлшерде синтетикалық есірткі тәркіледі, деп хабарлады Polisia.kz.

Тәртіп сақшалары 45 жастағы жүргізуші басқарған Opel Corsa көлігін тоқтатқан. Әйелдің автокөлігін тінту кезінде сөмкеден изолентамен оралған түйіншек, 74 дана ерекше иісі бар пакет табылды.

Полицейлер күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында есірткілі препараттары бар 60 дана түрлі-түсті электр таспасы, 5 пакет полиэтилен зип-пакеті, 2 электронды таразы, ерекше иісі және сұр түсті ұнтақ заттың іздері бар таразы, 6 металл шәйнек, 7 пакет металл магнит, затты өлшеуге арналған 2 қасық, шпатель, 11 зип-пакет, ақ түсті ұнтақ заты бар 3 контейнер, сұр түсті ұнтақ заты бар 3 контейнер және есірткі сатушылар қолданатын басқа да заттар табылып, тәркіленді. Әйел оларды сатуға дайындаған. Жалпы одан бір келіден аса синтетикалық есірткі тәркіленген. Бұл аталған есірткінің аса ірі мөлшері болып саналады, - деді БҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Асқар Абдрахманов.

Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сотта күдіктінің аса ірі мөлшерде синтетикалық есірткіні сақтағаны дәлелденсе, ол 10 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама