×

Facebook пен Instagram-дағы әрекеті үшін Meta-ға 390 млн еуро айыппұл салынды

Сондай-ақ WhatsApp желісіне қатысты тағы бір іс тергеуге алынған

 Еркеғали Болатұлы 06.01.2023 | 15:58
фото: in.mashable.com

Еуропалық Одақтың жеке мәліметтерді қадағалушы органы Meta компаниясына 390 млн еуро айыппұл салды.

Оның 210 милионы бірлестіктің Facebook әлеуметтік желісі, ал қалғаны Instagram-дағы әрекеті үшін алынғалы отыр. Шешімге америкалық алпауыттың тұтынушылар туралы жинаған жеке мәліметтерді жарнама үшін пайдалануы әсер еткен.

Сондай-ақ еуропалық реттеуші WhatsApp желісіне қатысты тағы бір істі тергеп жатыр.

Сарапшылар Meta компаниясының адамдардың интернеттегі әрекетін бақылап, жарнама ұсыну кәсібіне кері әсерін тигізуі мүмкін дейді.

Ал бірлестіктің өзі сотқа жүгініп, шешімді қайта қарауды сұрамақ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама