×

«Ашық аспан» режимі 5 жылға ұзартылды

Бұл режим жаңа шетелдік тасымалдаушыларды тартуға ықпал етеді

 Динара Амантай 06.01.2023 | 13:40
Фото: ktk.kz

Президенттің ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті «Ашық аспан» режимін 2027 жылдың соңына дейін ұзартты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, бұл режим рейстер саны бойынша барлық шектеулерді алып тастауды және қазақстандық әуекомпаниялар жұмыс істемейтін бағыттар бойынша шетелдік әуекомпанияларға «ауа еркіндігінің» бесінші дәрежесін беруді көздейді.

«Ашық аспан» режимі Астана, Алматы, Тараз, Шымкент, Ақтау, Семей, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Петропавл, Көкшетау және Түркістан қалаларының 12 халықаралық әуежайларында қолданылды. Ақтөбе облысының әкімдігімен бірлескен жұмыс қорытындысы бойынша бұл режим өңірді дамыту мақсатында Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайға да енгізілді.

Бұл режим жаңа шетелдік тасымалдаушыларды тартуға, әуе тасымалдаушылардың бәсекелестігін дамытуға, халықаралық маршруттарды ашуға, әуебилеттер құнын төмендетуге, туризмді дамытуға және Қазақстан қалаларының көліктік қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама