×

Алматы соты «Дикий» Арманға қатысты ақпарат жариялады

Сотқа дейінгі тергеу органының өтініші қанағаттандырылды

 Динара Амантай 06.01.2023 | 11:31
Фото: instagram/arman.djumageldiev

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты «Дикий Арманның» қамауда ұстау мерзімін ұзартты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сот баспасөз қызметінің мәліметінше, 2022 жылғы 29 желтоқсандағы сот қаулысымен сотқа дейінгі тергеу органының өтініші қанағаттандырылған.

Азамат Д.-ға қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімін 2 ай мерзімге, яғни 2023 жылдың 7 наурызына дейін ұзарту туралы санкция берілді, – делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бұған дейін Бас прокурор «Дикий Арман» ісінің артында Ресейдің тұрғаны қаншалықты рас екенін айтқан болатын. Сондай-ақ Бас прокуратура Арман Жұмагелдиевтің Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегі куратордың нұсқауымен жұмыс істегенін анықтады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама