×

Ресей Украинаға қарсы соғысқан сотталушыларына рақымшылық жасап жатыр

Өмірінің 30 жылын түрмеде өткізген біреуі украиналық 4 әскеримен бірге өзін-өзі жарып жіберген

 Еркеғали Болатұлы 05.01.2023 | 15:37
фото: zn.ua

Ресейде Украинаға қарсы өз еркімен соғысқан сотталушылардың алғашқы легіне рақымшылық жарияланды. Олар жарты жылдық келісімшартпен «Вагнер» тобының құрамында соғысқан. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

«Вагнер» тобының жетекшісі, кәсіпкер және олигарх Евгений Пригожин рақымшылыққа іліккендермен әңгіме барысында Углегорск жылу электр орталығы ауданында көз жұмған әскериді мысалға келтірген.

Жасы 52-де, оның 30 жылын түрмеде өткізген. Ерлікпен көз жұмды, – дейді Пригожин.

Қаруластарының айтуынша, ол артқа шегінер жолдың жабық болуы себепті, украиналық 4 әскеримен бірге өзін-өзі гранатамен жарып жіберген.

«Вагнер» тобының мәліметінше, рақымшылыққа іліккен алғашқы лекте 20 шақты бұрынғы сотталушы бар. Олар әскери қызмет кезінде жалақы да алған, ал жарақат алғандарына өтемақы төленіпті.

Евгений Пригожиннің пікірінше, қоғам бұл адамдардың «ұлттық мүдде үшін соғысқандарына» алғыс айтуы керек екен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама