×

Республикалық маңызы бар тасжолдардың 29 бөлігі жабылды

Республикалық трассалардың 29 учаскесі әлі де жабық

 Халық үні 04.01.2023 | 23:15
Фото: pavlodarnews.kz

Ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар жолдардағы 29 учаскеде автокөліктер үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

«Сағат 21.45 ақпаратқа сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық трассалардың 29 учаскесі әлі де жабық. Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Абай, Қарағанды, Ұлытау, Қостанай және Павлодар облыстарындағы тасжолдарда қозғалысқа енгізілген шектеу сақталады», - делінген «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Тасжолдарды қардан тазалауға 400-ден астам арнайы пайдалану техникасы жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама