×

ҚМДБ электронды темекіні харам деп таныды

Дәрігерлер де қоғамның электронды темекіге тез елітіп бара жатқанын айтып, дабыл қақты

 Халық үні 04.01.2023 | 08:45
фото: ашық дереккөзден

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы елде еркін сатылып жатқан электронды темекілерді харам деп таныды, деп хабарлады 31 телеарна. 

Бұл шылым түрін жан-жақты зерттеп көрген имамдар осындай пәтуа шығарған. Нарколог мамандар да елімізде шылым шегуден құтыламын деп, электронды темекіге тұтылып жатқандардың саны анағұрлым артып бара жатқанын айтады. Зерттеу жүргізген дәрігерлер мұндай шылым түріне құмартқандар арасында демікпе дерті дендеп, қатерлі ісік аурулары асқынып жатыр деп дабыл қақты. 

Құрандағы «өздеріңді өздерің өз қолдарыңмен өлтірмеңдер» деген аятқа негіздей отырып, адам денсаулығына зиян болған нәрселерді харам деген үкім беріп отыр. Жалпы, қандай да бір тұтынатын тауар, ішіп-жем болсын, азық-түлік болсын, адам ағзасына зиян болатын болса, бұл нәрсенің үкімі шариғат бойынша харам немесе харамға жақын мәкрүһ тахрима болып есептеледі», – деді Шымкент қаласы бойынша шариғат және пәтуә бөлімінің өкілі Исламқұл Иманқұлұлы. 

Дәрігерлер де қоғамның электронды темекіге тез елітіп бара жатқанын айтып дабыл қақты. Айтуларынша, мұндай шылым түрі де адам ағзасында радиоактивті металл жинайды екен. Егер адам күніне бір қорап шылым шексе, онда ол жылына 500 рентген сәулесін қабылдағанмен тең. Электронды темекінің де зияны осыған пара-пар.

Оның буында да көптеген химиялық заттар бар. Соның ішіндегі қауіптісі формальдегид болып саналады. Формальдегид адам ағзасында өкпенің және басқа да органдардың ісік ауруын тудырады. Одан басқа, мына әртүрлі хош иісті ароматизаторлар аллергиялық жағдайды тудыруы мүмкін, – дейді дәрігер-нарколог Райшан Баймұрынова. 

Электронды темекілер қазір дүкендерде 21 жасқа толмағандар былай тұрсын, тіпті мектеп оқушыларына да еркін сатылады деп қынжылды дәрігерлер. Сондықтан Үкімет тез арада тыйым салмаса, қоғам денсаулығы қатты сыр беруі мүмкін екен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама