×

Президент Жаңа жыл түнінде жұмыс істеген қазақстандықтарға алғысын білдірді

Тоқаев маңызды нысандардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз еткен азаматтардың еңбегін бағалады

 Динара Амантай 01.01.2023 | 10:46
Фото: t.me/bort_01

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа жыл түнінде жұмыс істеген қазақстандықтарға алғысын білдірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жаңа жыл түнінде азаматтардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау, сондай-ақ маңызды нысандардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін еңбек еткен медицина қызметкерлеріне, құтқарушыларға, өрт сөндірушілерге, полицейлерге, әскери қызметшілерге, коммуналдық және басқа да салалардағы азаматтарға алғыс айтамын. Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін - деді Мемлекет басшысы Instagram парақшасында.

Еске сала кетсек, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтап, үндеу жасаған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама