×

Путин мен Си Цзиньпин келіссөз жүргізіп жатқанда Украина Қырымға шабуыл жасады

Севастополь бухтасындағы Қара теңіз флотында күшті жарылыстар естілген 

 Дастан Жұмабекұлы 31.12.2022 | 20:28
фото: bfm.ru

Ресей президенті Владимир Путин ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен телефонмен сөйлесіп жатқанда Қырымға шабуыл жасалды. Бұл туралы The Moscow Mews хабарлады.

«Президент Владимир Путин мен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин видеобайланыс бойынша келіссөз жүргізіп жатқан уақытта Украина Севастопольге шабуыл жасады», – делінген хабарламада.

Губернатор Михаил Развожаев сол кезде әуе қорғанысы жүйесінің іске қосылғанын айтты.

«Барлық қызмет штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Біздің әскерилер әдеттегідей нақты жұмыс жасады. Барлығыңызды тыныштық сақтауға шақырамын», – деп жазды ол өзінің телеграм-арнасында.

Расында қала тұрғындары сол уақытта күшті жарылыстар даусын естіген. Олар «қабырғалардың қозғалып, терезелердің шайқатылып кеткендерін» байқаған.

Украина Қарулы күштері соңғы күндері Қырымға жиі шабуыл жасап жүр. Солардың ішінде дрондардың Севастополь бухтасындағы Қара теңіз флотына шабуылы өте күшті шықты. Содан кейін Ресей флоттың Қара теңіздегі белсенділігін күрт төмендетті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама