×

«Тағы не керек?». Шавкат Рахмонов UFC-ге ренішін білдірді

Брайан Барберена жеңіл салмақта жұдырықтасуды ұсынып отыр

 Еркеғали Болатұлы 31.12.2022 | 15:15
фото: ашық дереккөз

Жеңілмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов жаңа жекпе-жек туралы UFC-ге үн қатты. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Екі күн бұрын оның жекпе-жегі қарсыласы Джефф Нилдің жарақатына байланысты болмай қалған еді. Олар 14 қаңтарда Лас-Вегаста UFC Fight Night 217 турнирінде кездесуі керек болған-ды.

Бір күн бұрын қазақстандықтың бірінші қарсыласы пайда болды. Аз уақытта АҚШ-тың тағы бір файтері Рахмоновқа қарсы шығуға шешім қабылдады. Бұл ретте Брайан Барберена жеңіл салмақта жұдырықтасуды ұсынды.

Бұл ұсыныстың Шавкат Рахмоновқа ұнайтыны және оның Лас-Вегастағы турнирді жіберіп алғысы келмейтіні анық.

UFC, мен дайынмын, ол дайын, тағы не керек? - деп жазды Рахмонов Instagram-дағы парақшасына.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама