×

АҚШ елшісі қазақстандықтарды Жаңа жылмен қазақша құттықтады (ВИДЕО)

Алғаш рет Жаңа жылды сіздермен бірге қарсы алып жатқаныма қуаныштымын, - дейді ол

 Еркеғали Болатұлы 31.12.2022 | 13:07
фото: видеодан скриншот

АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Дэниел Розенблюм Жаңа жыл мерекесіне орай қазақ тілінде видеоқұттықтау жолдады.

Құрметті достар! Қазақстанда алғаш рет Жаңа жылды сіздермен бірге қарсы алып жатқаныма қуаныштымын. Бұл жыл барлығымыз үшін оңай болған жоқ. Бірақ келер жылға сеніміміз зор. Келер жыл ойыңыздағыдай қуанышты сәттерге толы болсын! - деп құттықтау сөзін қазақ тілінде жеткізді ол.

Сондай-ақ Дэниел Розенблюм Қазақстан халқына АҚШ өкілдігінің атынан Жаңа жылда денсаулық, молшылық, бейбіт өмір тіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама