×

Өзбекстан мен Қырғызстан мемлекеттік шекараны демаркациялауға дайындалуда

Шекараны бекітетін құқықтық және техникалық құжаттардың жобалары дайындалды 

 Дастан Жұмабекұлы 29.12.2022 | 11:39
фото: ашық дереккөз

23-27 желтоқсан күндері Ош қаласында өзбек-қырғыз мемлекеттік шекарасын демаркациялаудың ұйымдастырушылық-құқықтық мәселелерін келісу бойынша Өзбекстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы Үкіметтері делегациялары жұмыс топтарының кезекті отырысы өтті.

Отырыста тараптар Өзбекстан-Қырғызстан мемлекеттік шекарасын демаркациялау жұмыстарын реттейтін құқықтық және техникалық құжаттардың жобаларын дайындады.

Кездесу достық пен өзара ынтымақтастық жағдайында өтті. Іс-шараның қорытындысы бойынша хаттамаға қол қойылды. Келесі кездесу Өзбекстан Республикасының аумағында өтеді, –  делінген ресми хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама