×

Украина жауынгерлері Ресей әскерінің штабын талқандады

12 командир-офицер қаза тапты

 Дастан Жұмабекұлы 29.12.2022 | 10:09
фото: ашық дереккөз

Украина Қарулы күштері Ресей әскерінің штабын тас-талқан етіп, бригада командирімен бірге бірнеше офицерді жер жастандырды. Бұл туралы УНИАН хабарлады.

Бас штабтың хабарлауынша, кемінде ресейлік 12 командир-офицердің көзі жойылған.

Украин әскерлері ресейлік оккупанттар штабына «отшашу» жіберді. Осының нәтижесінде кем дегенде 12 басқыншының көзі жойылды, – делінген хабарламада.

Украина Қарулы күштерінің офицері Анатолий Штефон әзірге басқыншылардың шығындары жөнінде болжамды мәліметтер бар екенін жазды. Оның айтуынша, «200-дік жүк» қатарында бригаданың жаңадан тағайындалған командирі, артиллерия бригадасының командирі, барлау бригадасының командирі, сондай-ақ басқа да басқару офицерлері бар.

Бұдан басқа, тағы 7 оккупанттың жараланып, саптан шығып қалғаны айтылып жатыр.

Донецк облысының Авдеевка қаласы маңында украин жауынгерлері Javelin және «Стугна-П» танкіге қарсы ракета кешендерімен Ресей армиясының кемінде 3 соғыс машинасын талқандаған.

26 желтоқсанда украин жауынгерлері Ресейдің 650 сарбазын жер жастандырған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама