×

Димаш Құдайберген «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты атанды

Шетелге оқуға 178 адам барады

 Дастан Жұмабекұлы 28.12.2022 | 17:03
фото: Halyq Uni

«Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды.

Республикалық комиссия шешімімен биылғы жылдың үшінші легінде стипендия 178 адамға тағайындалды. Оның ішінде 78 адам әлемнің үздік жоғары оқу орындарының магистратурасына, 6 адам докторантурасына түсті. 110 стипендиат «Тағылымдама» бағдарламасы бойынша біліктілігін арттырады.

Оқуға түскендердің ішінде әнші Димаш Құдайберген де бар. 

«Болашақ» стипендиясының иегерлері дүниежүзінің 20 мемлекетінде академиялық білім алады. Тағылымдамадан өтеді. 93 адам АҚШ-тың, 47 адам Ұлыбританияның және басқа да елдердің жоғары оқу орындарында білім алады.

Биыл президенттің тапсырмасы аясында «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлау процесі іске қосылды. Басымдық инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға беріледі.

2022 жылы стипендиаттардың басым көпшілігі инженерлік-техникалық бағыттар бойынша шетелде дайындықтан өтеді.

«Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімі Халықаралық бағдарламалар орталығының сайтында жарияланған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама