×

Петропавлдағы өрт: оқиға орнынан бес адамның мәйіті табылды

Жыл басынан бері СҚО-да өрттен 12 адам қайтыс болды

 Самат Жақып 13.03.2022 | 13:04
фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Петропавлдық құтқарушылар қала шетінде орналасқан «Береке» шағын ауданындағы өрт орнынан 5 адамның мәйітін тапты. 101 телефонына хабарлама түнгі сағат 01:07 минут кезінде түскен. Құтқарушылар оқиға орнына алты минутта жетіп, төрт пәтерлі баспананың отқа оранғанын байқаған. Бірақ ол кезде үйдің шатыры жанып, аумақты түтін басқан.

Өртті сөндіру барысында 1975, 1979, 1960 жылдары туған ер азаматтың және 1960, 1967 жылғы екі әйелдің денесі табылды. Олардың барлығы сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Айта кету қажет, аталған үй орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосылған.

Өрт сағат 02.24-те сөндірілді. Оған Петропавл қаласының 4 өрт сөндіру бөлімінен (№1, 2, 3 және 5) 30 құтқарушы және 6 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт жалыны 60 шаршы метр аумақты шарпыды.

Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына алкогольдік ішімдік ішіп, төсекте темекі тарту себеп болуы мүмкін деген нұсқа қарастырылып отыр. Келтірілген шығын көлемі әзір есептелуде.

Жалпы жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысы аумағында 115 өрт оқиғасы тіркелді. Салдарынан 12 адам қайтыс болып, 4 адам зардап шеккен. Келтірілген материалдық шығын шамамен - 72 млн теңгені құрап отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама