×

180 миллион еуро. Әлемдегі ең қымбат футболшылар белгілі болды

ПСЖ ойыншысы Килиан Мбаппе (180 миллион еуро) мен «Манчестер ситилік» Эрлинг Холанд (170 миллион еуро) көш бастап тұр

 Халық үні 25.12.2022 | 20:35
Фото: mk.ru

Transfermarkt неміс порталы әлемдегі ең қымбат футболшылар мен олардың командаларын анықтады.

Әлемдегі ең қымбат қақпашы Тибо Куртуа мадридтік «Реал» командасында ойнайды. Оның ақысы 60 миллион еуроға бағаланған.  «РБ Лейпцига» қорғаушысы Йошко Гвардиол (75 миллион еуро), «Манчестер Сити» қорғаушысы  Рубен Диаш (75 миллион еуро) және «Бавария» қорғаушысы Маттейс де Лигт (70 миллион еуро) те жоғары жалақы алатындар қатарында. 

Жартылай қорғаушылар да аз таппайды. «Боруссия» ойыншысы Джуд Беллинг (110 миллион еуро), барселоналық Педри (100 миллион еуро), «Реал» жартылай қорғаушысы Винисиус Жуниор (120 миллион еуро), «Манчестер Ситиден» Фил Фоден (110 миллион еуро) және «арсеналдық» Букайо Сака (100 миллион еуро) табады.

Ал шабуылшылар қатарында ПСЖ ойыншысы Килиан Мбаппе (180 миллион еуро) мен «Манчестер ситилік» Эрлинг Холанд (170 миллион еуро) көш бастап тұр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама