×

«Қайрат» футзалдан 17 рет Қазақстан чемпионы атанды

Алматылық команда финалда ақтөбелік «Рахметті» ұтты

 Ербол Тұрымбет 25.12.2022 | 14:46
фото: vesti.kz

Семейде өтіп жатқан жартылай финалдық матчтар кезінде алматылық ұжым алдымен «Ақтөбе» командасымен кездескен еді. Онда ойын 2:1 есебімен алматылықтардың жеңісімен аяқталған-ды. Ал финалдық ойында алматылықтарға тағы бір ақтөбелік команда қарсы шықты. 

Қарсыластар ойынның негізгі уақытын 3:3 есебімен тең аяқтаған еді. Ал экстра-таймда «Қайраттың» капитаны Дуглас Жуниор екі гол соғып, алматылық команданың 17 рет Қазақстан кубогын иемденуіне жол ашты. 

Бұл – «Қайрат» футзал клубының осы чемпионаттағы қатарынан 10 жеңісі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама