×

Түркіменстанда экс-президенттің құрметіне жаңа қала салынды

Ол Аркадаг деп аталды

 Дастан Жұмабекұлы 22.12.2022 | 16:10
фото: turkmenistan.gov.tm

Түркіменстанда экс-президент Гурбангулы Бердімұхамедовтың құрметіне Аркадаг деген жаңа қала салынды. Бұл туралы Түркменпортал хабарлады.

2019 жылдың сәуірінде басталған қаланың құрылысы екі кезеңде жүргізіліп жатыр. Бірінші кезеңді тапсыру желтоқсан айына жоспарланған.

Түрікменстанда салынып жатқан Ахал велаятының (облысының) жаңа әкімшілік орталығы республиканың бұрынғы президенті, Халк Маслахаты Милли Генгештің (Түркіменстан Парламентінің жоғарғы палатасы) қазіргі басшысы Гурбангулы Бердімұхамедовтың құрметіне Аркадаг деп аталды. Ол Ашхабадтан оңтүстік-батысқа қарай 30 шақырым жерде орналасқан, - делінген материалда.

Порталдың хабарлауынша, қаулыны Милли Генгештің мәжілісі (төменгі палата) Ахал велаятының және елдің басқа аймақтарының тұрғындарының тілектерін, қоғамдық ұйымдардың ұсыныстарын ескере отырып қабылдаған.

Биыл желтоқсан айының басында Гурбангулы Бердімұхамедов республиканың Сыртқы істер министрі Рашид Мередовке жаңа қаланы Гиннестің рекордтар кітабына «аймақтағы ең үлкен, бірегей және әдемі қала» ретінде енгізу мәселесін шешуді тапсырды.

Бұрын Ашхабад Ахал велаятының әкімшілік орталығы болды. Кейін оның мәртебесі жеке әкімшілік болып өзгерді. Қазір облыс орталығы – Ашхабадтан 8 шақырым жерде орналасқан Аннау қаласы.

1993 жылы Красноводск қаласы елдің тұңғыш президенті Сапармұрат Ниязовтың құрметіне Түркіменбашы болып өзгертілген еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама