×

Тимур Бекмамбетов Ресейдегі Bazelevs киностудиясын сатып жіберді

Бас продюсер Лала Рустамова мен коммерциялық директор Тимур Асадовтың үлесі тең бөлінген

 Еркеғали Болатұлы 22.12.2022 | 16:05
фото: rusproducers.com

Танымал кинорежиссер Тимур Бекмамбетов Bazelevs киностудиясын сатып жіберді.

РБК-ның хабарлауынша, ол киностудияны бас продюсер Лала Рустамова мен коммерциялық директор Тимур Асадов сатып алған. Рустамова келісімнің нарықтық шартпен жасалғанын айтты.

Осы келісімді қамтамасыз еткен ақша – біздің 2022 жылда тапқан барлық табысымыз. Соның ішінде «Елки 9» кинопрокатынан және тағы басқа фильмдерден түскен қаржы, VOD-платформалардағы (онлайн-кинотеатрлар, стримингтік платформалар және тағы басқа интернет-алаңдар) контентке сатылған құқықтар бар, - дейді ол.

Рустамова мен Асадовтың үлесі тең бөлінген. Алайда киностудияның бас продюсері келісімшарттың нақты сомасын атамады.

Ал оның негізін қалаушы Бекмамбетов ресейлік бизнестен толығымен шығып кеткен. Енді ол студияда «Ходжа Насреддин» анимациялық фильмінің авторы ретінде жалдамалы режиссер болып істейтін болады.

Оған қоса, америкалық продакшн Тимур Бекмамбетовтің өзінде қалады. Келесі жылы Bazelevs-тің Ресейдегі немесе АҚШ-тағы продакшнге ребрендинг жасамақ.

Еске сала кетсек, Тимур Бекмамбетов Bazelevs киностудиясын 1994 жылы құрған болатын. 2004 жылы кинокомпания «Ночной дозор» фильмін шығарды. Сол фильммен-ақ прокатта 26 миллион доллар жинаған.

Бұдан бөлек, Bazelevs-те «Елки» мен «Горько!» фильмдері түсірілді. Ал кинокомпанияның 2006 жылы Лос-Анджелесте ашылған өкілділігі бөлек компания болып саналады. Ол жерде «Особо опасен», «Президент Линкольн: Охотник на вампиров» және «Хардкор» туындылары түсірілген болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама