×

Алматы облысында ПД бастығы орынбасарының үйіне тінту жүргізілді – дереккөз

Дереккөздің хабарлауынша, тінту «Адам жегіш» лақап атымен танылған Елдос Қоспаев ұйымдастырған қылмыстық топтың қылмыстық ісі аясында жүргізілген

 Халық үні 19.12.2022 | 20:55
ашық дереккөзден

Алматы облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахмановтың үйіне тінту жүргізілді. Бұл туралы YEDILOV ONLINE Telegram-арнасы хабарлады.

Дереккөздің хабарлауынша, тінту «Адам жегіш» лақап атымен танылған Елдос Қоспаев ұйымдастырған қылмыстық топтың қылмыстық ісі аясында жүргізілген.

«Рустам Әбдірахмановтың тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша тінту жүргізілді. Сондай-ақ ҚР ІІМ ТЖК құпия бөлімшелерінің бірқатар қызметкері мен орта буынның жекелеген басшыларынан жауап алынды», - делінген YEDILOV ONLINE Telegram-арнасында.

Telegram-арнадағы мәліметтерге сәйкес, ұйымдасқан қылмыстық топ құрбандарды таңдап, үш бағытта әрекет еткен:

  1. «Торпедалар» деп аталатын қорқыту мен физикалық әсер етуді үйренді.
  2. Формадағы адамдар деректер жинап, қылмыстық қудалауды ұйымдастырды.
  3. Қоғамдық пікірді қалыптастырды, сот пен тергеуге қысым көрсетті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама