×

АҚШ-тың экс-қорғаныс министрі Пентагонды сотқа берді

Экс-министр Джо Байден әкімшілігін «конституциялық құқығымды бұзды» деп айыптады

 Жандос Байділда 29.11.2021 | 12:11
Марк Эспер, фото: nytimes.com

АҚШ-тың экс-қорғаныс министрі Марк Эспер экс-президент Дональд Трамптың әкімшілігінде жұмыс істеген кезі туралы естеліктерінің бір бөлігін жариялауға тыйым салынғанына байланысты Пентагонды сотқа берді. Бұл туралы New York Times басылымы хабарлады.

Басылымның жазуынша, 2019 жылдың шілдесінен 2020 жылдың қарашасына дейін қорғаныс министрі қызметін атқарған Марк Эспер қолжазбаның жобасын мамырда Қорғаныс министрлігінің ақпаратты дайындау және қауіпсіздікті тексеру басқармасына ұсынған.

Ал, басқармадағылар АҚШ-тың экс-президенті Трампқа және басқа кездесуге қатысушыларға сілтеме жасамауды, бұрынғы президентпен арамыздағы әңгімелерді сипаттамауды, сондай-ақ, тарихи оқиғаларды суреттеу кезінде белгілі бір етістіктерді немесе зат есімдерді пайдаланбауды сұраған.

Менен басқа мемлекеттердің әрекеттері туралы, шетелдік шенеуніктермен сөйлескенім және халықаралық оқиғалар туралы пікірлерімді жоюды сұрады, - деген Марк Эспер Джо Байден әкімшілігі конституциялық құқығын бұзды деп айыптады.

Сотқа арызданған мемуарында ешқандай құпия ақпарат жоқтығын, ұлттық қауіпсіздікке ешқандай қауіп төнбейтінін айтқан.

Пентагон — әскери мекеме, АҚШ-тың қорғаныс министрлігі жайғасқан Вашингтон қаласы маңындағы бес бұрышты ғимараттың атауы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама