×

Украина президенті Владимир Зеленский «Жыл адамы» атанды

Владимир Путин «Жылдың жолы болмаған адамы» деген кері атаққа ие болды

 Дастан Жұмабекұлы 18.12.2022 | 17:17
фото: ашық дереккөз

АҚШ-тың Time журналының шешімімен Украина президенті Владимир Зеленский «Жыл адамы» атағына ие болды. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.

2022 жылдың соңында дәстүрлі «Жыл қорытындысы» жанрының басты кейіпкері Ресей-Украина соғысымен тікелей байланыста болып шықты.

Американың Time журналы Украина президенті Владимир Зеленскийді кетіп бара жатқан жылдың символы және «Украинаның рухы» деп таныды. Ал тағы бір беделді басылым Politico-ның болжамы бойынша, Зеленский Еуропадағы 2022 жылғы ең ықпалды адам болып саналып отыр.

Ал бұдан бір апта уақыт бұрын РФ президенті Владимир Путин «Жылдың жолы болмаған адамы» («Неудачник года») деген кері атаққа ие болған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама