×

Ерлігі мен бейнесі жұртымыздың жадында мәңгі сақталады – Тоқаев

Президент Желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алды

 Динара Амантай 17.12.2022 | 10:00
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Желтоқсан оқиғасы құрбандарының ерлігі халықтың жадында мәңгі сақталатынын айтып, Twitter-дегі парақшасына жазба қалдырды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Төл тарихымызда өшпес із қалдырған Желтоқсан оқиғасына бүгін 36 жыл толды. Сол ызғарлы түндерде халқымыз қайсар рухы мен азаттыққа деген ұмтылысын паш еткен еді. Желтоқсан қаһармандарының ерлігі мен құрбан болған боздақтардың бейнесі жұртымыздың жадында мәңгі сақталады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетсек, кеше президент қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтаған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама