×

«Мессидің жүрегін қарс айырады». Сарапшы Аргентина - Франция арасындағы финал жеңімпазын атады

Франция мен Аргентина арасындағы финал 18 желтоқсанда өтеді

 Халық үні 16.12.2022 | 00:30
Фото: daytimenews.ru

Британдық белгілі журналист әрі тележүргізуші Пирс Морган Франция құрамасы әлем чемпионы атағын қорғап қалады деп ойлайды. Ол Катардағы әлем чемпионатында француздар Аргентина құрамасын ұтатынына сенімді, деп хабарлады vesti.kz.

«Франция қалай болса да, әлем чемпионатында жеңіске жетеді де, Мессидің жүрегін қарс айырады деп ойлаймын!», - деп береді Морганның сөзін talksport.com.

Еске салайық, 2022 жылғы әлем чемпионатындағы Франция мен Аргентина арасындағы финал 18 желтоқсанда өтеді. Ал бір күн бұрын Хорватия мен Марокко қола жүлдені сарапқа салады. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама