×

Петропавлда бір қызды жабылып зорлаған бесеуге қатысты сот үкімі шықты

Сотталушылардың үшеуі 16 жылға, екеуі 10 жылға бас бостандығынан айырылды

 Самат Жақып 10.03.2022 | 13:54
көрнекі фото: Рixabay

Петропавлда 17 жастағы қыздың ар-намысын таптап, еркінен тыс жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген бес жігіт 10 жылдан 16  жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында күдіктілерге қатысты үкім шықты. Зорлау қылмысы былтыр маусым айында болған. Облыс орталығының шетіндегі «Березовая роща» деп аталатын демалыс орынында бес жігіт топтасып, қызды күштеп зорлаған.

Қылмыс жасағандар - 17 мен 21 жас аралығындағы жігіттер болып шықты. Барлығы «зорлау» және «жаныстық зорлық-зомбылық» туралы қысмыстық баптар бойынша жауапқа тартылды.

Сотталушылардың төртеуі қауіпсіздігі ең жоғары түзеу мекемесінде жазасын өтейтін болады. Ал 17 жастағы айыпталушы 10 жылын кәмелетке толмағандарға арналған орташа қауіпсіздік колониясында өткізеді.

Сезіктілердің төртеуі өмір бойына педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды жұмыс істеу құқығынан айырылды. Сот жәбірленушінің талап-арызын толық қанағаттандырды. Оған моральдік зиян келтірілгені үшін 10 миллион теңге көлемінде ақша төленетін болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама