×

Лионель Месси «Алтын допқа» басты үміткер атанды

Әлемнің үздік ойыншысы атағына үмітті 10 адамның тізімі шықты

 Дастан Жұмабекұлы 13.12.2022 | 14:44
фото: ашық дереккөз

Катарда футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатында Аргентинаның ұлттық құрама командасының капитаны, әлемнің 7 дүркін үздік ойыншысы, «Алтын бутсы» атағының 6 дүркін иегері Лионель Месси тағы да «Алтын допқа» басты үміткер атанды.

Goal футбол сайтының хабарлауынша, әлем чемпионатының ширек финалынан кейін үздік ойыншы атанған Л.Месси «Алтын доп» үміткерлерінің де көшін бастады.

Бұл атаққа Мессиден басқа, онымен «ПСЖ» клубында (Париж) бірге ойнайтын Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе де үміткер болып отыр. Одан кейін норвегиялық Эрлинг Холанд («Манчестер Сити») үшінші болып үміткерлердің тізіміне қосылды.

«Алтын доптың» қазіргі иегері, «Реал» және Франция құрамасының шабуылшысы Карим Бензема 20-орында тұр.

Үздік ондыққа кіретін «Алтын доп» үміткерлері:

1. Лионель Месси («ПСЖ»)

2. Килиан Мбаппе («ПСЖ»)

3. Эрлинг Холанд («Манчестер Сити»)

4. Неймар («ПСЖ»)

5. Роберт Левандовски («Барселона»)

6. Винисиус Жуниор («Реал»)

7. Кевин де Брюйне («Манчестер Сити»)

8. Мохамед Салах («Ливерпуль»)

9. Хвича Кварацхелия («Наполи»)

10. Антуан Гризманн («Атлетико»).

14 желтоқсанға қараған түні Л.Месси жартылай финалда Хорватиямен өтетін ойынға Аргентина құрамасын бастап шығады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама