×

Павлодар облысында тағы бір қала жылусыз қалды

Жөндеу жұмыстары жүргізіледі

 Дәурен Ерболат 12.12.2022 | 17:23
Фото: pavlodarnews.kz

Ақсу қаласында төртінші және алтыншы шағын аудандарда бірнеше нысанда ыстық су мен жылу өшіріледі, деп хабарлады «Теплосервис-Ақсу» КМК.

Кәсіпорынның мәліметінше, балабақша, мектеп, емхана мен үйлерде жылу болмайды.

Ленин көшесі, 39, 43, 45, 57, 59, 51, 53, 55, Астана көшесі, 39, 41, 43, 45, 47, 49, Құрылысшылар көшесі, 34, 36, 40, 41, 42, 42а, 43, 45, 47, Х. Доспанова көшесі, 28, 30, 32 мекенжайларында және №24 балабақша, «Балапан» балабақшасы, №2 орта мектеп уақытша жылу желілерінен ажыратылды. Сондай-ақ орталық емхана мен 6-шағын ауданда орналасқан Металлургтер, Абай, Амангелді, Иван Суптель, Ертіс, Хиуаз Доспанова, Юрий Гагарин, Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова көшелеріндегі шағын үйлерде ыстық су мен жылу болмайды, - деп жазылған хабарламада.


Айта кетейік, ыстық су мен жылу аталған мекенжайларда шамамен таңғы сағат 09:00-ден кешкі 17:00-ге дейін өшірілген.

Толық ақпаратты мына нөмірге хабарласып, алуға болады: +7 (7183)761592.

Еске сала кетсек, 27 қарашада Екібастұз жылу электр орталығында апат болып, тұрғындар жылусыз қалған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама