×

Екібастұз халқы қақаған суықта жылусыз қалды

Бірнеше жылу қазандығы істен шыққан

 Ербол Тұрымбет 27.11.2022 | 11:00
фото: ашық дереккөз

«Екібастұзэнерго» ЖШС-нің хабарлауынша, оған негізгі себеп – ЖЭО-дағы бірнеше жылу қазандығының жұмысы тоқтап қалған. Содан 27 қарашада түнгі сағат 01:20 уақытында №11 жылу қазандығы тоқтаған. Сосын 01:30 шамасында үлкен көлемдегі желілік су шығынына байланысты, №13, 14 және 15 қазандықтар істен шыққан.

Әзірге №8, №14 қазандықтар іске қосылып жатыр. Жөндеу бригадалары ұйымдастырылған. Жақын арада параметрлер қалпына келтіріледі. Қалыптасқан жағдайды тұрақтандыру үшін қала мен облыс әкімдігі, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ тарапынан барлық қажетті қолдау көрсетіліп жатыр, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ коммуналдық қызмет жағдайды ушықтырмас үшін қала тұрғындарынан желілік суды тек қажет болған жағдайда, құбырлар толығымен суып қалса немесе үй жалпы жылу жүйесінен ажырап қалса ғана ағызуды сұрап отыр. Оқыс жағдайларды жылдам хабарлап отыру үшін +7 701 705 49 57 нөмірімен What’sApp желісін ашып қойған.

Компанияның хабарлауынша, қазір қала тұрғындары жылу желілеріндегі ақаулар туралы хабарлап отырса, сол үлкен көмек болғалы тұр. Өйткені іске қосқан соң құбырларды жылыту және ақауларды қалпына келтіру бойынша тұрғындардың көмегі ауадай қажет болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама