×

Қазақстанда жылу желілері тексеріледі

Тозған электр, жылу және құбыр желілерін тазартауға 3,8 трлн теңге керек

 Дәурен Ерболат 12.12.2022 | 11:35
Фото. pavlodarnews.kz

Елімізде жылу желілерінің аудиті өткізіледі. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Үкімет басшысы «Жылу энергетикасы туралы» заңның жобасы әзірленіп жатқанын атап өтті.

2023 жылғы бірінші тоқсанда еліміздің барлық жылу электр станциясы және электр желілерінің аудиті аяқталады. Бұған қоса жылу желілерінің аудиті өткізіледі, - деді Әлихан Смайылов.

Премьер-министр ұлттық электр желісін жаңғырту, оның ішінде Батыс Қазақстанның электр желілерін бірыңғай электр энергетикалық жүйесіне қосу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Әзірленіп жатқан «Тарифті инвестицияларға айырбастау» бағдарламасы электр, жылу және құбыр желілерінің тозуын 20%-ға төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл үшін 3,8 трлн теңгеге дейін инвестиция тартып, 134 мың шақырымнан аса инженерлік желілерге жөндеу жүргізу қажет, - деді ол.

Тиісті ережелер осы аптада бекітіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама