×

Қазақстанда 2 мыңға жуық адам СOVID-19-дан емделіп жатыр

2 науқастың жағдайы өте ауыр

 Дәурен Ерболат 12.12.2022 | 09:00
Фото: РИА Новости

Елімізде 2 мыңға жуық адам коронавирустан емделіп жатыр, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Қазақстанда өткен тәулікте 148 адамнан СOVID-19 анықталды.

12 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 1 855 адам коронавирустан емделуде.

Олардың ішінде 263 пациент стационарда, 1 592 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. 9 адамның жағдайы ауыр, 2 пациенттің жағдайы өте ауыр, 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама