×

Қазақстандық боксшы IBO чемпионы атағын жеңіп алды

10 раундқа есептелген айқас қазақстандық боксшының жеңісімен жетінші раундта аяқталды

 Халық үні 11.12.2022 | 23:25
Фото: instagram.com/zhankoshturarov

Жанқош Тұраров (25-0, 18 КО) Алматыда өтіп жатқан кәсіпқой бокс кешінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Sports.kz.

Кештің басты айқасында Ж.Тұраров венесуэлалық Луис Энрике Ромеромен (11-5-1, 7 КО) жұдырықтасты. Жекпе-жекте бірінші жартылай орта салмақтағы IBO Inter-Continental чемпионы атағы сарапқа салынды.

10 раундқа есептелген айқас қазақстандық боксшының жеңісімен жетінші раундта аяқталды: ол қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді.

Осылайша, Жанқош Тұраров кәсіпқой бокстағы 26-жеңісіне қол жеткізіп, IBO-ның қосалқы чемпиондық белдігін иеленді.

Ал Луис Энрике Ромеро профи-рингте үшінші рет жеңіліп қалды.

Айта кетейік, бұған дейін Ж.Тұраров WBO Inter-Continental нұсқасы бойынша чемпион болған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама